Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 «Медициналық қызметтердің (көмектердің) сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі» құрылды.

          Егер сіз:

          — медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;

          — медицина қызметкерлерінің дөрекі қатынасына тап болғанда;

          — медициналық қызметкерлердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілері кездескенде;

          — сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа мәселелерге тап болған жағдайларда, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

          Пациенттерді қолдау қызметіне емделіп жатқан пациенттер де, олардың туыстары да хабарласа алады.

          Біздің ұйым көрсететін медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

          Қабылдау уақыты: Жұмыс күндері сағ 09:00-ден 17:00-ге дейін; Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Сатова Нурбакыт Жалгасовна, телефон: 8728239-0007.

          «Өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшіктер», онда аты-жөнін, тегін және байланыс деректерін (тел, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтініш беруге болады. Орналасқан жерлері: Қаблиса жырау 87, 1-қабатта, қабылдау бөлімінің кіреберісінде орналасқан, және басқа филиалдарда: Рүстембеков көшесі 152, Ж.Жабаев көшесі 99.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *