Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздіктің кепілі

Жетісу облыстық Психикалық денсаулық орталығында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған оқыту кездесуі өтті. Іс-шара Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында орталық қызметкерлері қаржы пирамидалары мен алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы толық мәлімет алды. Мамандар нақты мысалдар келтіріп, тақырыптық бейнероликтер арқылы ақпаратты түсінікті етіп жеткізді.

Сондай-ақ, Агенттіктің және Департаменттің материалдары негізінде нақты өмірлік жағдайлар талданып, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісе алды. Жиын еркін, интерактивті форматта өтті.

Айта кету керек, Орталықта комплаенс-офицер тұрақты түрде ішкі тәуекелдерді алдын алу, заң бұзушылықтардың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Кездесу соңында қатысушыларға қаражатты қорғау бойынша пайдалы кеңестер беріліп, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми парақшаларына жазылу ұсынылды.

Жетісу облысының Облыстық психикалық денсаулық орталығы
Average rating:  
 0 reviews

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *